ОҚЫТУ ФОРМАСЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙЛІ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАҒАЛАУ (ЖЕКЕ ОҚЫТУ)

1) Білім алушыларды Жеке оқу топтарына бөлу (білім деңгейі, қабілеттері, қызығушылықтары бойынша) жалпы оқытудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етеді деп ойлайсыз ба? Неге?

2) Оқу процесін ұжымдық дербестендіруді қолдану арқылы оқыту сапасын арттыруға болады деп ойлайсыз ба (әрбір білім алушы қызметтің бірдей түрлерін меңгере отырып, өзінің дербес міндеттерін шешеді)? Неге?

3) Сіз білім алушыларды жоспарлы бақылау тапсырмаларын (үй тапсырмасы, СӨЖ, курстық жұмыстардың (жобалардың) бөлімдері және т.б.) қабылдауға және орындауға көмек көрсетуді бөлу (жеке жүргізу) қажет деп санайсыз ба? Неге?

4) Сіз, өзіңіз оқытатын пәндер бойынша оқытудың әртүрлі деңгейлі формасын (оқытудың деңгейлік саралануын) қолдану мүмкіндігін қарастырасыз ба? Неге?

5) Сіздің ойыңызша, курстың барлық бағдарламасы (пәндері) бойынша оқытудың деңгейлік саралануын (оқу процесі үшін білім алушыларды қандай да бір маңызды ортақ қасиеттерінің болуы бойынша жеке оқу топтарына бөлу) қолдану қажеттілігі бар ма? Неге?

Осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Жүргізілген зерттеудің мақсаты білім алушылардың оларға қолдау көрсету деңгейін анықтау болып табылады.

Барлық сұрақтарға нақты жауап беруді сұраймыз, өйткені сіздің жауаптарыңыз оқу сапасын басқару жүйесін жетілдіру үшін эмпирикалық негіз болады.